Қоғам

Қазақстанда Авиациялық ЖОО-ға түсетін қыздар саны артып келеді

Қазіргі таңда Азаматтық Авиация Академиясында ер азаматтардың мамандығы деп саналатын авиациялық мамандықтарды таңдайтын қыздардың саны дәстүрлі түрде жылдан жылға артып келеді, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы үш жылдың ішінде осы мамандыққа түсетін қыздардың үлесі 2021 жылғы 19% – дан 2023 жылы 25% – ға дейін өсті. Осы уақыт аралығында ұшқыш болғысы келетін қыздар санының 10% – дан 15% – ға дейін өсуі ерекше әсер қалдыратыны қуантады. 2005 жылы Академияның студент-ұшқыштарының қатарына алғашқы қыз қабылданды, содан бері адамзаттың әдемі жартысы – ару қыздарымыз осы саланы меңгеріп келеді.

Бүгінде Азаматтық Авиация Академиясының түлектері авиамеханик, авиадиспетчер, логист, авиациялық қауіпсіздік маманы, тікұшақ пен ұшақтың ұшқыштары болып жұмыс істейді. Ал, ару қыздарымыз авиация саласында жоғары жетістіктерімен табысты нәтижелер көрсетуде.

Олардың арасында әуе кемесінің командирі бар, түлектердің бірі көпфункционалды истребитель экипажын басқарады, екінші ұшқыш ретінде жұмыс істейтін қыздар да аз емес. Академия түлектерінің бірі Бибіхан Тұрысбекованың асқақ армандарының бірі әуесерік болу еді. Кейін Бибихан Академияға оқуға түсуге болатынын біліп, бағын сынап, мемлекекттік грант иегері атанды. Қазіргі кезде ол – тікұшақ ұшқышы, «Қазавиақұтқару»АҚ-да жұмыс істейді. Ол тікұшақты басқарып қана қоймай, адамдардың өмірін сақтап, өртті сөндірумен, іздестіру-құтқару жұмыстарымен айналысатын нағыз батыл ару қызға айналды деп айта аламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button