Киік популяциясын басқару барысы талқыланды
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, «Охотзоопром» ӨБ” РМҚК, «Табиғат» РҚБ, Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы өкілдерінің, сондай-ақ ғалымдардың қатысуымен өткен брифингте киік популяциясын басқару барысы талқыланды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстанның ғылыми қоғамдастығының ұсыныстарын және халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, Экология министрлігі ағымдағы жылдың 10-шы ақпанынан бастап киіктің санын реттеу жөніндегі жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады.
Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда киіктер популяциясын сақтау және қалпына келтіру мақсатында мемлекет жануарларды қорғау және оларды есепке алу жүйесін құру жөнінде бірқатар шаралар қабылдады, бұл киік санын тұрақтандыруға және олардың популяцияларының құлдырауын тоқтатуға, популяцияларды орнықты даму деңгейіне дейін қалпына келтіру үшін объективті негіз құруға және олардың көбейетін ресурстарын кәсіпшілік пайдалануға мүмкіндік береді.
Қабылдаған шаралар 2003 ж. 21 мың бас-тан, 2023 жылда 1 млн. 915 мың басқа дейін (2023 жылдың көктемгі санақтың есебіне сәйкес Қазақстандағы ақбөкендердің болжамды саны 1 915 000 басты құрады және ҚСРО кезеңінің ең көп саны 1 200 000 бастан асты). Болжамды деректер бойынша 2023 жылдың соңында ақбөкендердің жалпы саны төлдерімен есептегенде шамамен 2,6 млн. басты құрады, оның ішінде Орал популяциясы 1,5 млн. бастан астам, ал жыл сайынғы 40% -дық өсуді ескере отырып, 2025 жылдың соңына қарай біз 4,2 миллион тұратын киік санын аламыз.
Орал және Бетпақдала популяцияларындағы киік санының едәуір артуымен қалыптасқан жағдайды назарға ала отырып, сондай-ақ Қазақстандағы киікті аулаудың тарихи тәжірибесін ескеріп, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғалымдары киік санын басқару бойынша биологиялық негіздеме әзірледі. Ұсынылған шарада киіктердің 2023 жылғы көктемгі санақ нәтижесінде жануарлардың санын реттеу үшін табиғаттан алып қою көрсетілді:
Орал популяциясының 20%, яғни 1 130 000 басының 226 000-ы;
Бетпақдала популяциясының 15%, яғни 745 300 басының 111 795-і.
Бұл ретте, киіктердің ресурстарын кәсіпшілік игеру жұмыстарын пысықтау үшін шектеулі алып қоюды эксперименттік тәртіппен уәкілетті органның мамандандырылған ұйымының яғни «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК күшімен жүргізу ұсынылды, олардың қызметі жануарлардың санын реттеу және оларды қадағалау болып табылады.
Жануарлардың санын реттеу кезеңінде табиғаттан алынған киіктің жалпы саны-42000 бас
2024 – 2026 жылдарға киік популяциясын тұрақты пайдалану жүйесін әзірлеу бойынша жұмыстар жоспарланды.
2024 жылдан бастап жергілікті халық спорттық және әуесқойлық мақсатта жануарды тұтынуға байланысты мәселелрді Министрлік пысықтауда.
Әуесқойлық (спорттық) аң аулау саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер қабылданғанға дейін мүдделі мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдар және жұртшылықпен талқыланатынын атап өту қажет.