БастыҚоғам

Өткен жылы құрылыс материалдары өндірісінің көлемі 10 пайызға өсті

Елімізде құрылыс материалдарына сұраныс артып келеді, мұны ресми статистика дәлелдейді. Өткен жылы (қаңтар-желтоқсан) елімізде 1 249,5 млрд теңгеге құрылыс материалдары өндірілді. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3% – ға жоғары (1 133 млрд теңге).

Өндірістің ең көп өсуі отқа төзімді бұйымдар (+12,6%), керамикалық кірпіштер (+70,9%), портландцемент (+0,4%), гипсокартон (+0,6%) және құрылыс ерітінділері (+17,5%) бойынша байқалады.

Сондай-ақ, құрылыс материалдары 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,7% – ға ($220,6 млн) артық экспортталған. Заттай көріністе экспорт көлемі 17,2% – ға ұлғайып, 1 484,2 мың тоннаға жетті, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңінде 1 265,9 мың тонна деңгейінде болған.

Импорт көлемі керісінше 4,4% – ға аз көресеткіш көрсетіп отыр.

2023 жылдың қаңтар-қараша айларында еліміздегі құрылыс материалдары нарығының көлемі $3 368 млн құрады, онда ОТӨ үлесіне 68%, импорттық өнімнің үлесіне – 32% келеді.

Құрылыс материалдары өндірісінің үлкен көлемін көрсеткен қалалар Астана (өндірістің жалпы көлемінде 14%), Алматы (8,8%) және Шымкент (8,5%) қалалары болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button