Ел ордасында «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ана тілім-Айбыным» тақырыбында мектепаралық жайдарман ойыны өтті.
Сайысқа алдын ала өткен редакторлық жұмыстардан іріктеліп 10 мектеп командасы қатысты. Сахнада өнер көрсеткен жас өспірімдер тек әзілдеп ғана қоймай, өскелең ұрпақты жоғары рухани- адамгершілік құндылықтар негізінде, отандық патриотизм мен мемлекттік тілді насихаттап, көрермен көзайымына айналды. Концерттік залға жиналған жанкүйерлер өз командаларына барынша қолдау білдіріп, ойын соңында қазылар алқасы үздік деп танылған үш команданы анықтады. Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды Абай Құнанбайұлы атындағы нөмірі 87 мектептің «Абайла» командасы иемденсе, екінші орын Бейімбет Майлин атындағы 52 мектептің «Болашақ депутаттар» тобына бұйырды, ал жүлделі үшінші орын еркін құрама «Теректі еркелері» командасының еншісінде болды.
Жеңімпаз үш командамен қатар сайысқа қатысқан барлық топтарға бағалы сыйлықтар табысталды.
Мұндай шараларға қатысу арқылы жастар ой-өрісін кеңейтіп, іздену, талпыну, сөз сөйлеу мәдениеті секілді қасиеттерді бойларына сіңіреді.