БастыДенсаулық

Шымкентте спорт кешені госпитальға айналады

Шымкенттегі жеңіл атлетикалық спорт кешені науқастарды жатқызатын госпитальға айналмақ.

Қазір мекемеде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүгіру жолағына ағаш төселіп, арнайы қоршау қойылған. Онда жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар мен өкпесі қабынған науқастар емделетін болады.

Мекеме күндізгі стационар ретінде ғана қызмет көрсетеді. Белгілі болғанындай, осы уақытқа дейін ғимаратқа 150 төсек қойылған. Алдағы уақытта олардың санын 450-ге дейін жеткізу көзделіп отыр.

Бұндай күндізгі стационар 51 емдеу мекемесінде және екі мектепте ашылады. Жалпы бұдан бөлек қалада 1690 провизорлық орын дайындалған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button