БастыСпорт

«Интер Майами» командасы Лига кубогының финалында

Жеті дүркін «Алтын доп» сыйлығының иегері, аргентиналық футболшы Лионель Месси ойнайтын «Интер Майами» АҚШ-та Лига кубогының жартылай финалында «Филадельфия» клубын 4:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аты аңызға айналған Месси аталған ойында тағы бір гол соқты. Ол өз әлеуметтік желісінде жарыстың ақтық сатысына жеткені жайлы жазба қалдырды.

«Біз финалға шығу үшін аянбай тер төктік, біздің қолдан келді!», – деп жазды Месси Instagram желісіндегі соңғы жазбасында.

Еске салсақ, Месси кезекті голын салып, «Интер Майами» тарихындағы ең үздік сұрмергендер арасында үшінші орынға шықты.

Мессидің командасы Лига кубогының финалында «Нэшвилл» командасымен ойнайды. Жартылай финалда «Нэшвилл» «Монторрей» командасынан 2:0 есебімен басым түсті. Финалдық матч 19 тамыз күні өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button