БастыДенсаулық

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 10 миллионнан асты

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 10 миллионнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс атындағы университет мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университет мәліметі бойынша, дүние жүзінде 10 001 527 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде, 499 204 адам қайтыс болған. Жалпы 5 065 869 адам аурудан айыққан.

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 миллионнан асты. Бразилияда COVID-19 жұқтырған 1 313 667 адам анықталса, Ресейде 633 542 адам анықталған.

Еске салайық, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button