2 тамыз күні Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «КӨШЕ МЕЙРАМЫ» атты Астана қаласының 25 жылдығына арналған интеллектуалды сайысы бастау алды.
Жарыс мақсаты – Астана қаласының 25 жылдығына орай — Елдік мерекеге өзіндік үн қосу. Қала тұрғындары мен қонақтарына,елорда жастарына көңілді орта қалыптастырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін оятып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын жан-жақты кеңейту. Алаш арыстарының-шығармашығын өскелең ұрпаққа насихаттау. Ел болып қалыптасуда орасан зор үлес қосып, жанын берген ата-баба рухын қадірлеу және құрметтеуге шақырады.
Жоба іріктеу және финалдық кезеңнен тұрады.
1 кезең (Іріктеу кезеңі) – қала тұрғындарынан іріктеу ойындары (көшелерде, парктерде, скверлерде, сауда орталықтарында және т.б)өтеді. Қазақ жазушыларына қатысты сұрақтар, шығармашылықтарынан, өлеңдерінен үзінді оқу сұралады.
Финалдық кезеңге алғырлық танытқан 12 қатысушы іріктелініп алынады.
2 кезең (Финалдық кезеңі) Астана қаласының жағалауында тақырыптарға сәйкес (еліміздің атақты ақын,жазушылар шығармаларынан үзінді ретінде) 3-сұрақтан дайындалған, жауап бере алмаған жағдайда мүмкіндік қарсыластарына беріледі.
Алаштың арыстарының образындағы арнайы гримделген түлғалары қала тұрғындарымен суретке түсіп, өз шығармашылықтарынан сұрақтар қояды және жүргізушілер тарапынанда сұрақ ұсынылып, дұрыс жауап берген қала тұрғындары мен жоба көрермендеріне арнайы әзірленген сыйлықтар табысталатын болады.
Жеңімпаздарға және екінші кезеңге өткен әрбір қатысушыға ұйымдастырушылар тарапынан, дипломдар және бағалы сыйлықтар қарастырылған.