БастыСпорт

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік үштіктен тыс қалды

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) Live рейтингісінде Қазақстанның үздік ойыншысы Елена Рыбакина төртінші орынға сырғыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен аптада Вашингтон WTA 500 жарысының жартылай финалына дейін жеткен америкалық Джессика Пегула 5480 ұпай жинап, үшінші сатыға көтерілді.

Е.Рыбакинаның еншісінде 5465 ұпай бар.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева 60-тан 61-ге төмендеді.

Елена Рыбакинаның үздік үштікке қайта енетіндей мүмкіндігі бар. Ол үшін 8 тамызға қараған түні басталатын Монреаль мастерс турнирінде сәтті өнер көрсетуі керек. Мұнда әлемнің бірінші және екінші ракеткалары, Польша өкілі Ига Швентек пен белоруссиялық Арина Соболенкодан бастап Джессика Пегула да өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Аустриядағы жарыстың финалында жеңіліс тапқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Монреаль мастерс жарысының іріктеу сайысын сәтті бастады.

Денис Евсеев әлемдік рейтингте 31 саты жоғары көтерілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button