БастыҚоғам

Елдегі жел электр станциялары 6 айда 1,9 млрд кВт/с электр қуатын өндірген

Елдегі жаңартылатын энергия көздері жарты жылда 3 млрд 350 млн кВт/с электр қуатын өндірген.

Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, бұл былтырғы жартжылдықтың қорытындысымен салыстырғанда 40% көп.

Жаңартылатын энергия көздерін сала-сала бойынша жіктесек, 6 айдың ішінде жел электр станциялары 1 млрд 910 млн кВтс электр өндірген.

Шағын гидрологиялық электр стансалары 461,8 млн кВт/с, күн электр станциялары 976,3 млн кВт/с, биоэлектр станциялар 1,8 млн кВт/с электр энергиясын өндірген.

Елдегі жаңартылатын энергия көздерінен алты айдың ішінде алынған электр қуатының жалпы өндірілген көлемдегі үлесі – 5,8%.

Айта кетейік, Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының 12-ші отырысында 2030 жылға дейін елімізде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 15%-ға дейін артатынын айтқан болатын.

«Экология мәселесі – Қазақстан экономикасының орнықты дамуында негізгі басымдықтардың бірі. Мәселен, 2030 жылға қарай еліміз өзінің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ағымдағы 4,5%-дан 15%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр», – деген болатын Үкімет басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button