БастыСпорт

 «Qazaqstan Barysy» жарысына бөлінген қаражат қаншалықты игерілуде

«Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қоры Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті таратқан мәлімдемеге қатысты түсініктеме берді.

«Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қоры» қоғамдық қоры 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді. Қордың негізгі мақсаты – еліміздегі ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, қазақ күресінің беделін арттыру және ұлттық идея деңгейіне жеткізу.

Қор өңірлік іріктеу жарыстарын ұйымдастырып, қазақ күресінен турнирлер өткізіп келеді. Жүзеге асырылып отырған барлық жобалар қазақ күресін дамытуға бағытталған.

Айта кететін жайт, осы брендпен бұрын жұмыс істеген «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры» ҚҚ жұмысы туралы ақпараттардан хабарымыз жоқ.

Мәселен, Қор құрылған сәттен бастап қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі (2021, 2022), сондай-ақ, қазақ күресінен «Тұран Барысы» Азия Кубогы (2022) ұйымдастырылды. 2023 жылдың сәуір айынан бастап 2023 жылдың 2 шілдесіне жоспарланған қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне қатысу үшін еліміздің өңірлері бойынша іріктеу жарыстары өткізілді.

Біздің Қор барлық процестердің ашықтығын қадағалайтындығын, қазіргі уақытта Қор қызметі штаттық режимде жүргізіліп отырғанын мәлімдейміз, туындаған мәселе бойынша ешқандай түсініктеме бере алмаймыз. Бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылып келгенін және барлық қаржылық есептер қабылдаушы тараптардың талаптарына сәйкес ұсынылып отырғанын мәлімдейміз», – делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, осы уақытқа дейін Қаржылық мониторинг агенттінің Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығы тексеріліп жатқанын мәлім еткен еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button