БастыҚоғампроисшествие
Өрт кезінде мерт болған 14 қызметкер «Құрмет» ордендерімен марапатталды
Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан «Семей орманы» резерватының 14 қызметкеріне“Құрмет» ордені берілді.
Мемлекеттік орден қайтыс болған қызметкерлердің туыстарына Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табыстады.
Осы орайда айта кетейік, қаза болған орманшылардың отбасы мүшелері жыл соңына дейін ұшақпен тегін қатынай алады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қаза болғандардың отбасы мүшелеріне Семейден Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және кері бағытта 2023 жылдың соңына дейін тегін жүру мүмкіндігі берілді. Жалынды ауыздықтауға қатысып жатқан өрт сөндірушілерге біржолғы тегін ұшулар ұсынылып отыр, – делінген хабарламада.