БастыҚоғам

Арзандатылған дизель фермерлерге қаншадан сатылуы керек

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жанармай бекеттеріндегі арзандатылған дизельді фермерлерге қандай бағада сатуы керек екенін айтты.

«Биыл Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен, әкімдіктермен және «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп, біркелкі жеткізу кестесін дайындады. Өткен жылы айына 20 мың тоннадан 152 мың тоннаға дейін ауытқыса, биыл айына 81 мың тоннадан117 мың тоннаға дейін біркелкі жеткізілді. Осы біркелкі жеткізу кестесі жанармай құю станцияларына көбірек дизель отынын жіберуге мүмкіндік берді», – деді министр.

Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, дизель отынын жеткізетін операторлар 1 литр дизельді егіншілерге 204 теңгеден жеткізіп жатыр.

Орташа баға осындай болып бекітілген.

«Бұл – автожанармай құю станциясындағы бағадан 31 пайыз төмен», – деді Энергетика министрі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button