БастыСпорт

Бокстан Қазақстан құрамасы IBA рейтингі бойынша нешінші орында?

Халықаралық бокс қауымдастығы рейтингінде Қазақстан құрамасы көш бастап тұр. Бұл туралы  Sports.kz парақшасында.

Көш басында 81 000 ұпаймен Қазақстан құрамасы тұр. Рейтингтің екінші сатысында 60 800 ұпаймен Өзбекстан жайғасқан.Үздік үштікті 58 050 ұпаймен Ресей қорытындылады. Сонымен қатар үздік ондықтың қатарында Үндістан, Куба, Бразилия, Италия, Түркия, Мексика және АҚШ бар.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төрт алтын және бір күміс медаль жеңіп алған болатын. Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай чемпион атанса, Дулат Бекбауов финалда өзбек боксшысынан жеңіліп, екінші орынды қанағат тұтты.

Жалпы Өзбекстан астанасындағы байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан ертерек шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар. Халықаралық бокс федерациясы ұсынған ақпаратқа сәйкес,жарыс чемпиондарына – 200 мың, екінші орын алғандарға – 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың доллардан берілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button