Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Словакия арасындағы тартысты ойын күтілуде
Бүгін, 19 мамырда хоккейден Қазақстан құрамасы Ригада (Латвия) және Тамперде (Финляндия) өтетін әлем чемпионатында бесінші матч өткізеді. Ғалым Мамбеталиевтің шәкірттері Словакиямен кездеседі, деп хабарлайды NUR.KZ.
Екі командаға да ұпай қажет. Словактар әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтуге тырысуда. Қазақстан өз кезегінде турнирдің жоғарғы дивизионында бекітілуі тиіс. Қазіргі уақытта В тобын Швейцария басқарады (12 ұпай). Канадалықтар екінші орында (11 ұпай). Чехия үздік үштікті (10 ұпай) жабады.
Естеріңізге сала кетейік, плей-оффке сегіз команданың төртеуі ғана өтеді. Әзірге аралық төртінші орын Латвияда (5 ұпай). Одан кейін Словакия (4 ұпай). Қазақстан екі ұпаймен жетінші орында. Қазақстан – Словакия матчы Астана уақыты бойынша 23:20-да басталады. Тікелей эфирде кездесуді Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Естеріңізге салсақ,2002 жылы Словакия әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын.Финалда словактар Ресей құрамасын женген. Толығырақ: https://www.nur.kz/sport/hockey/2021240-kazahstan-slovakiya-nasha-sbornaya-provedet-pyatyy-match-na-chm-po-hokkeyu/