Спорт

Мәдениет және спорт министрі Қазақстанның футбол құрамасын жеңісімен құттықтады

Мәдениет және спорт министрі Қазақстанның футбол құрамасын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта біздің футболшылар маңызды жеңіске жетті (3:2)!

Біздің жігіттер еуропалық ұтқыр ұжымды жеңді. Бахтиер Зайнутдинов, Асхат Тағыберген мен Абат Айымбетовтің соққан үш голы Қазақстан құрамасына аса маңызды үш ұпайды әкелді.

«Мен қазақстандық жанкүйерлерді және футболшыларды осы тамаша нәтижемен құттықтаймын, сондай-ақ құраманың жаттықтырушылар штабына жеке алғысымды білдіргім келеді.

Футбол – әлемде ғана емес, елімізде де ең танымал спорт түрі. Қазақстанда барлық жастағы миллиондаған адам футбол ойнайды, сондықтан халық осындай матчтарды асыға күтеді.

Алда әлі де көптеген мықты қарсыластар бар, бірақ іріктеу кезеңінің басталуын біздің жігіттер өз пайдасына жаза алады. Біздің құрамаға сәттілік тілеймін!», – деп жазды министр өзінің Фейсбук парақшасында.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button