БастыДенсаулық

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: трамадол есірткі заттарының тізіміне енгізілді

Қазақстан Республикасының Үкіметі трамадолды есірткі құралдарының тізіміне енгізді. Енді бұл препаратты арнайы рұқсаты бар дәріханалар ғана жүзеге асыра алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Үкімет «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» №470 қаулыға өзгеріс енгізді.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттарды лицензиясыз өткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button