БастыҚоғам

Астанада Рамазан айында тегін бағдарлар ұйымдастырылады

Астана қаласында 22 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айында арнайы тегін бағдарлар ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін бағдарлар тарауих намаз аяқталғаннан кейін қала мешіттерінен бірнеше бағытта жүреді.

Олар:
– «Республикалық Бас мешіт» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
– «Целинный» ы.а.;
– Гребной канал;
– Республика даңғылы.

«Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
– «Спутник» супермаркеті;
– ТЖ вокзалы;
– «Көктал-1, 2» ТА.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
– «Көктал-1,2» ТА;
– ТЖ вокзалы;
– Мед. колледж.

«Сәдуақас қажы Гилмани» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
– «Көктал-1,2» ТА;
– «Кирпичный» ТА.

«Рақымқызы Райса ана» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:
– «Рахмет» СО.

Арнайы бағдарлардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті болған Рамазан айымен құттықтаймыз!

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button