БастыДенсаулық

Елорда әкімдігі дәріханаларға дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды

Қала басшылығы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін уақтылы шаралар қабылдауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдік қалалық дәріханаларда вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің болуын үнемі қадағалап отырады. Елордада коронавирус инфекциясы жағдайларының көбеюіне байланысты вирустық инфекциялық аурулардың алдын алу үшін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет.

«Елордалық дәріханаларда тұрғындарға қажетті барлық дәрі-дәрмектер болуы керек. Дәрі-дәрмектердің негізгі ассортиментінің болуын бақылау қажет. Дәріханаларға дәрі-дәрмектерді уақтылы және жеткілікті мөлшерде сатып алу керек», – деді Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен дәріхана желілері басшыларымен онлайн-кездесуде.

«Біз көтерме дәріхана ұйымдарына Нұр-Сұлтан қаласының дәріханалық ұйымдарына дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды үздіксіз жеткізуді ұйымдастыруды тапсырамыз», – деп атап өтті Б.Мәкен.

«Нұр-Сұлтан қаласының фармацевтикалық ассоциациясы» заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестігі директоры Гүлнарай Алмурзинаның айтуынша, кейбір дәрі-дәрмектердің тапшылығы байқалады.

«Өткен аптадан бастап қала тұрғындары вирусқа қарсы препараттар, азитромицин антибиотиктерін сатып алды. Біз анализ жүргізіп, дәрі-дәрмектердің 41 атауы көрсетілген кесте құрдық. Мемлекеттік агенттіктің дәрі-дәрмектерді халыққа қанша мөлшерде таратуға болатындығы туралы меморандумға қол қоюға шешім қабылданды. Ал антибиотиктер мен рецепт бойынша дәрі-дәрмектер, бұрынғыдай, дәрігердің нұсқауымен ғана жіберіледі», – деді Г.Алмурзина.

Сонымен бірге ол дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін ескере отырып, олардың балама нұсқалары барына назар аударды: «Панадол», «Эфералган», «Ибупрофен», «Ибуфен», «Миг», «Новиган», олар дәріханаларда бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button