БастыСпорт

Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі өтетін қала белгілі болды

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы трилогия Невада штатының Лас-Вегас қаласындағы (АҚШ) T-mobile аренасында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

GGG мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегін ұйымдастыруға тікелей қатысы бар британдық промоутерлік компания әлеуметтік желілерінде алдағы іс-шараның өтетін орнын жариялады. Естеріңізге сала кетейік, бұл боксшылардың алдыңғы екі жекпе-жегі де Лас-Вегастағы T-mobile аренасында өткен болатын.

Екі жекпе-жек те қазылар алқасының даулы шешімімен аяқталып, көптеген қауесеттер мен дауға ұласты. 2017 жылы ең аяқталса, бір жылдан кейін жеңіс мексикалыққа бұйырды.

Геннадий мен Саульдің жаңа текетіресі 2022 жылдың 17 қыркүйегіне жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button