21 маусымда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттары Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс – өнеркәсібі кешені (ҚӨК) кәсіпорындарына барып, олардың жұмысымен танысты.
Аталмыш іс-шара шеңберінде «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС-де ҚӨК отандық кәсіпорындарымен өндірілетін қару-жарақ және әскери техникасының көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі.
Көрме барысында депутаттар «Еврокоптер Қазахстан инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан авиациялық индустрия» ЖШС, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС және басқа да отандық кәсіпорындары шығаратын өнімнің үлгілерімен танысты.