«Барыстың» бас бапкері болып ресми түрде Андрей Скабелка тағайындалды. Беларусь маманымен келісімшарт екі маусымға 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бапкердің соңғы жұмыс орны Ярославльдік «Локомотив» болды. Андрей Владимировичті қазақстандық жанкүйерлер жақсы біледі. 2018/19 маусымында Скабелканың қарамағында «Барыс» жинаған ұпай саны бойынша тұрақты маусым тарихындағы үздік нәтиже көрсетті.
Оның жетекшілігімен «Барыс» Чернышев дивизионын екі рет жеңіп, Гагарин кубогының Шығыс конференциясының жартылай финалына екі рет шықты.
«Барыс» маманның Қазақстанға оралуы одан кем нәтиже бермейді деп күтеді. Келесі маусымда клуб қазақстандық жас ойыншыларға көңіл бөледі. Жақын арада Скабелка клуб басшылығымен бірге өзінің жаттықтырушылар штабын жасақтайды, сонымен қатар «Барысты» алдағы маусымға дайындайды.