БастыСпорт

Бүгін Қазақстан Словакия құрамасын қабылдайды

13 маусымда Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-турында «Астана Аренада» Словакия құрамасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойыннан кейін турнир кестесінде өзгерістер болуы мүмкін – жеңіске жеткен құрама С дивизионының 3-тобында көш бастайды, ал жеңілгені екінші орында болады.

Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алады – Словакия құрамасынан төрт ұпайға озады. Кейін топтан шығуы үшін екі ұпай ғана жеткілікті болады.

Алайда 6 маусымда Трнавада Қазақстаннан 0:1 есебімен жеңілген словактар әлі де топ фавориті саналады, олар сол статусын қайтарып, көш басына шығуға тырысатыны анық.

Қазақстан – Словакия матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:50-де басталады және оны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button