БастыСпорт

Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасы аясында Беларусьпен кездеседі

Маусымның 10-нан 11-не қараған түні Сербияның Нови-Сад қаласында Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Беларусьпен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әзербайжан (2:0) мен Словакияны (1:0) жеңген Магомед Адиев шәкірттері 6 ұпаймен өз тобында көш бастап тұр, ал Беларусь құрамасы словактардан (0:1) ұтылып, Әзербайжанмен (0:0) тең ойнады.

УЕФА шешімі бойынша Беларусь – Қазақстан матчы көрерменсіз өтеді.

Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button