БастыҚоғам

Семейде заманауи полиция бекеті ашылды

Семей қаласында заманауи учаскелік полиция бекеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция бекеті Қарағайлы ықшамауданындағы тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Жалпы ауданы 100 шаршы метрден асатын ғимараттың техникалық жабдықталуы заманауи талаптарға толықтай сәйкес келеді. Ондағы тәртіп сақшылары озық байланыс құралдарымен, кеңсе техникаларымен және компьютерлермен қамтамасыз етілген.

Әр подъездердегі бейнекамералардың жазбалары осы полиция бекетінде тікелей көрсетілетін болады. Мұнда төрт учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор профилактикалық шаралармен айналысады. Полиция бекеті орташа есеппен 24000 адамға қызмет көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button