Boxingnews24.com журналисі Адам Баскин америкалық боксшы Джермалл Чарло қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес трилогиясының жеңімпазымен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Матей Сулецкимен жекпе-жектен кейін Чарло «Канело» — Головкин 3 жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасуы мүмкін. 31 жастағы «Канело» осы желтоқсанда DAZN-мен бірге жекпе-жек өткізеді деп жоспарланып отыр. Егер ол Головкинді жеңсе, бұл Чарломен кездессетін ең ыңғайлы уақыт саналады.
Чарлоның бұрынғы WBO чемпионы (154 фунтта) Хайме Мунгиямен жекпе-жегі өтпей қалғаны ештеңе етпейді, өйткені бұл «Канело» — Головкин 3 кездесуінің жеңімпазымен жекпе-жек өткізгенге жетпейтіні анық», — деп жазды автор.