Бүгін Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасы аясында «Астана Арена» стадионында Әзербайжан командасымен кездеседі. Матчтан соң жанкүйерлерді тарату үшін қосымша автобустар ұйымдастырылады.
«Матч аяқталғаннан кейін қосымша бағыттар күшейтіледі. Сондай-ақ, «Астана Арена» тұрағында және Қабанбай батыр даңғылындағы автобус аялдамаларында жанкүйерлерді тарату үшін автобустар ұйымдастырылады. Жолақы 90 тг тарифі бойынша қолма-қол ақшасыз жасалады», – делінген әкімдік хабарламасында.