2 миллион теңге. Қазақстандағы футболшылар орташа осындай жалақы алады. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменкулов мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
Арманжан Байтасовтың ютуб арнасына берген сұхбатында футболшылардың кәсіпқой мансабы қысқа, сондықтан жоғары айлық алатынын алға тартты.
Нақтылай кетейік, бұл отандық футбол клубтарына қатысты жағдай. Ал дәл осы клубтардың өзін ұстауға жылына 2 миллиард теңге қажет деді.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы бірер күннен кейін Ұлттар лигасындағы матчтарын бастайды. Оның аясында қатарынан 4 ойын өткізуі керек және алғашқысы «Астана-Аренада» Әзербайжанға қарсы болады. Осыған байланысты қос тарап қазір елордаға жиналып, соңғы дайындықты пысықтап жатыр.
Өкінішке орай, ұлттық құрамадағы негізгі деген ойыншылар, оның ішінде Марат Быстров, Бахтиер Зайнудтинов, Айбар Жақсылықов бар, жасыл алаңға шықпайды.