БастыДенсаулық

Елордада коронавируспен күрескен азаматтардың ерлігіне арналған ескерткіш қою керек – Тоқаев

Бұл туралы «BIZ BIRGEMIZ» онлайн форумда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Бүгінгі форумда коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Осыған орай мен «Халық алғысы» атты арнайы медальді тапсыруды ұйғардым. Бұл осындай қиын қыстау уақытта аян еңбек еткен азаматтарға арналған. Жаңа мемлекеттік марапат осындай нағыз отаншылыл азаматтарға тапсырылады деп сенемін. Бүгін «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн форумы аясында осы медальмен бір топ азаматты марапттаймыз«, – деді мемлекет басшысы.

ҚР Президенті жалпы коронавирус  пандемиясына  қарсы науқанға белсенді ат салысқан ел тұрғынары мемлекеттік наградалармен марапатталатындығын атап өтті.

«Осы індеттен құтылған соң елордамызда азаматтарымыздың ерлігіне арналған ескерткіш қоюымыз керек. Барша Қазақстан азаматына амандық, игілік тілеймін. Біз міндетті түрде жеңеміз. Себебі, біз біргеміз!«, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button