БастыҚоғам

Қазақстанда қыздардың саны азайып барады – зерттеу

Қазақстан халқы бір жылда 1,3%-ға өсіп, 2022 жылдың басында 19,12 млн адам болды. Оның 9,84 миллионы – әйелдер, 9,29 миллионы – ерлер. Халықтың жалпы санындағы әйелдердің үлесі жыл басында 51,44% болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Салыстыру үшін: бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 51,48%, бес жыл бұрын – 51,62%, он жыл бұрын – 51,77% болған.

Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша халық саны 19,18 миллион адамға өсті. Оның ішінде 9,31 миллионы ерлер, 9,86 миллионы әйелдер. Әйелдердің үлесі тағы да 51,43%-ға дейін төмендеді.

Жалпы әйелдер үлесі ерлерге қарағанда біршама жоғары болғанымен жылдан жылға азайып келеді және бұл үрдіс тұрақты. Кейінгі 5 жылда әйелдер санының орташа жылдық өсімі 1,2% болса, ерлер санының өсімі 1,4% болды.

Дегенмен әйелдер санының ерлердің санынан жалпы басымдығына қарамастан жалпы картинада жас бойынша бөлінуі мүлдем басқаша көрінеді.

Осылайша Қазақстандағы 14 пен 28 жас аралығындағы жас әйелдер саны бір жылда 0,1%-ға азайып, биыл жыл басында 1,83 млн адам болды. Бұл ретте жас жігіттердің саны, керісінше, 0,1%-ға өсіп, 1,92 млн адамға жетті. Бұл динамика да тұрақты тренд болып кеткен, – деп хабарлады Ranking.kz.

Нәтижесінде 2022 жылдың басында жастардың жалпы санындағы жас әйелдердің үлесі небәрі 48,87% болды, яғни жартысынан да аз. Оның үстіне, қыздардың үлесі жылдан-жылға азайып келеді. Мысалы, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 48,92%-ға, бес жыл бұрын 49,5%-ға, одан он жыл бұрын 49,88%-ға жеткен (яғни, жігіттермен бірдей).

Сонымен «статистика мәліметтері бойынша 10 қызға 9 жігіттен келеді» деген ескірген кеңестік стереотиптің Қазақстанға мүлдем қатысы жоқ (болған да емес). Статистика мәліметтеріне сай, Қазақстанда ұлдарға қарағанда қыздар айтарлықтай аз: 2021 жылы 230,3 мың сәбиге қарсы 216,2 мың нәресте, яғни қыздар жаңа туған нәрестелердің жалпы санының 48,4%-ын ғана құрады. Ал ең «неке» жасындағы (28 жасқа дейін) жастардың арасында 1000 жігітке небәрі 956 қыздан келеді. Алшақтық жылдан-жылға артып, қыздардың саны азайып барады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button