Балалар жылы мен Балаларды қорғау халықаралық күніне орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкерлері ерікті түрде әртүрлі қайырымдылық шараларға белсенді үлес қосуда.
2022 жылғы 29 мамыр күні «Мейірімділік-М» қайырымдылық ұйымы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Балалар – өмір гүлі» атты мерекелік қайырымдылық шарасы өтті. Қор құрылған күннен бастап 10 жыл ішінде көптеген игі істер атқарды. 2018 жылдан бастап бұл мекемеде отбасылық балалар үйі құрылды, онда балалар Елорданың үздік лицейлері мен гимназияларында білім алады.
Одан бөлек, ҚР ИИДМ «Серпін» бастауыш кәсіподақ ұйымы да қайырымдылық акциясын өткізді. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына түрлі ойыншықтар, кітаптар, оқу құралдарын, сондай-ақ азық-түлік себеттерін сыйлады.
“Бұл мерекеде әр бала назарымызда болғаны дұрыс, қайырымдылық жасау арқылы олардың жүректеріне мейірім мен қуаныш сыйлаймыз деген сенімдеміз»,- деп Кәсіподақ төрайымы Вера Абоимова тілегін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, Жолдауда балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін айтқан болатын. Өйткені, балалардың амандығы – табысты ел болудың айқын дәлелі.