БастыСпорт

Кака елде футзал спортын дамыту жобасын ұсынды

Футбол үйінде Қазақстанда футзал спортын дамуына қолдау көрсетуге бағытталған жобаның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кешенді бағдарламада елімізде футзал спортын жан-жақты дамыту шарасы қарастырылған. Мамандар әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, футбол клубтарының жүйесінде футзал бөлімшесін ашудың маңыздылығын атап өтеді.

«Футбол клубтары Қазақстан чемпионатына қатысу үшін балалар футбол орталығы мен академиясында футзал бөлімін енгізу қажет. Мысалы, Бразилияда футбол командаларында футзал мектебі бар. Балалар 7 жастан бастап сонда доп тебеді. Олар футболшыларын жаттықтыру үшін футзалды пайдаланады. Футзал мектептерін «Ювентус», «Андерлехт» сияқты еуропалық командалар да ашты. Қазақстанда футзал спорты халыққа жақын, сондықтан оны дамытуға мүмкіндік мол. Біз ойыншылардың дайындық сапасын айтарлықтай жақсартып, олардың шеберлік деңгейін әлемдік стандартқа жақындатқымыз келеді», – деді Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» АФК бас бапкері Пауло Рикардо Кака.

Бразилиялық маманның идеясын Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов қолдады. Ол аналитикалық топ құруды тапсырды, оны Рикардо Кака өзі басқарады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button