БастыСпорт

Сәкен Бибосынов «Ел қорғаны» медалімен марапатталды

Бокстан әлем чемпионы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновқа мемлекеттік «Ел қорғаны» медалі табысталды. Сондай-ақ, спортшы Жаңа жыл қарсаңында 1 миллион теңгеге ие болды.

«Елінің ертеңін ойлаған азамат, тарихын түгендеп, өткенін өшірмей, бабаларын бағалап жүреді. «Ел қорғаны, ер аманаты» – деді дана халқымыз?! Аманатты арқалап, жерім деп жегіліп, елім деп еміреніп өту отанның ұландарына міндет. Иә, бүгінгі бейбіт заманда қолға қару алып, жауға шабатын күнді Құдай басқа салмасын, тек шекарамыздың шетін күзетіп, елдің тыныштығын күйіттеп жүрсе игі. Мен Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» – деп жазды Бибосынов

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button