Басты

Түркістан облысында карантин ұзартылды

Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанғанша карантин ұзартылады. Осыған байланысты облыста бірнеше шектеу шарасы қабылданып жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, облыс тұрғындары карантин шараларын сақтауы керек.

«8 маусымдағы жағдай бойынша облыста коронавирус жұқтырған 400 адам тіркелді. Айыққандар саны – 257. 84 инфекция сырттан келген: Нұр-Сұлтаннан біреу, Ақтаудан – 1, Атыраудан – 31, Алматыдан – 2, Шымкенттен – 2, Қызылордадан – 1, Павлодардан – 1, Ресейден – 5, Түркиядан -1, Өзбекстаннан – 37, Жезқазғаннан – 2. Біз коронавирустың тарауына жауапкершілікпен қарауымыз керек», – деді Қалқаманов.

Түркістан облысының бас санитар дәрігері Нұрбек Нышанов облыс аумағында қоғамдық жерлерде қашық сақтап, масқа тағып жүру керегін тағы ескертті.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 13074-ке жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button