БастыҚоғам

Даниал Ахметов: «Ashyq» қосымшасы – шағын және орта бизнесті сақтап қалудың тиімді тәсілі

Бизнестері тұралап қалмауы үшін кәсіпкерлер тұтынушылардың қауіпсіздігіне ерекше мән берулері тиіс. Бұл туралы ШҚО әкімі аймақты дамыту мәселелеріне арналған кеңесте айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Даниал Ахметов коронавирус пандемиясы жағдайында шағын және орта бизнес субъектілерінің «Ashyq» жобасын қолдану мәселелеріне қатысты кеңес өткізді. Айта кету керек, бұл жоба жұмыстары тоқырап, табыстары ортайып қалмауы үшін кәсіпкерлерге өте қажет.

Облыс әкімі дәл осындай бағдарламалар мен мобильді қосымшалар әлемнің барлық өркениетті елдерінде қолданылатынын айтты. Өйткені бұл елдегі бизнестің тұралап қалмауын және халық арасында короновирус инфекциясының кең таралып кетпеуін қамтамасыз ететін жалғыз жоба.

«Әзірге басқа амал жоқ. Халықтың денсаулығы жақсы болса, бизнестің де берекесі кіреді. Сондықтан, кәсіпкерлер бұл жобаны бұлжымайтын қағида ретінде қолданғандары абзал», – деді аймақ басшысы Д.Ахметов.

Осыған байланысты облыс басшысы қалалар мен аудан әкімдеріне 20-тамызға дейін шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесіп, «Ashyq» жобасына қосылғандары мен дайындық жасап жатқандары қанша, жобаға қосылуда қандай да бір проблема бар ма, соның бәрін нақтылауды тапсырды.

Сондай-ақ, Даниал Ахметов аймақ жұртының вакцина салдыру динамикасын бағалап, науқанның қазіргі қарқыны жақсы екенін айтты.

«Бүгінгі таңда облыс жұртына бір күнде 13 мыңға жуық вакцина дозасы салынады. Алдағы уақытта 16 мың дозаға дейін салу жоспарланып отыр. Тек осылай ғана коронавирус инфекциясының таралуын тежеп, жақындарымызды жаман індеттен құтқара алатынымызды естен шығармауымыз керек», – деді облыс әкімі.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button