Бастыпроисшествие

Өрт қауіпті кезең басталғалы елімізде 520 орман және дала өрті тіркелді

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Өрт қауіпті және шомылу маусымы кезеңдерінің өтуі туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«Табиғи өрттердің туындау тәуекелін болдырмау және азайту мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар алдын алу шараларының кешенін жүргізеді. 3,7 мыңнан астам елді мекенде құрғақ өсімдіктер мен жанғыш қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді, 21 мың шақырымнан астам минералданған алқаптар жасалды. Жергілікті атқарушы органдардың табиғатты қорғау және орман мекемелерімен 212-ден астам өрт-тактикалық сабақтар мен оқу-жаттығулар өткізілді. Жергілікті атқарушы органдарға елді мекендердің өрт қауіпті кезеңге дайын еместігі туралы 2 260 ескерту берілді», – деп ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марат Хасенов атап өтті.

Орман мен дала өрттерін уақтылы анықтау мақсатында әуеден барлау жұмыстары жүргізіледі.

Азаматтық қорғау, ішкі істер органдары, табиғатты қорғау және орман мекемелері мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің ішінен саны 3 мыңнан асатын 661 мобильді топ құрылды. Аталған топтар 9 056 рейд жүргізді, рұқсат етілмеген жерлерде от жағу, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз жануы, орылған шөпті жағу және басқа да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 2 589 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Халықты өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы ақпараттандыру мақсатында орманды дала алқаптарында 170 мыңнан астам адамды қамти отырып, 36 мыңнан астам нұсқаулық пен жиын, 986 дөңгелек үстел өткізілді.

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері (1 сәуірден бастап) қабылданып жатқан шараларға қарамастан 485 орман (Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстары) және 35 дала өрттері, сондай-ақ дала алқаптарының 2 015 жануы тіркелді. Жалпы аумағы 132 мың гектардан асты.

Сонымен қатар, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында орман-дала өрттерінен басқа 200 гектар егіс алқаптары үш рет жанған.

Ағымдағы жылы Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы табиғи өрттердің салдарынан 4 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алды.

Алдын алу шараларының уақтылы қабылданбауы салдарынан өрттің дала алқаптарына көшуі, минералдандырылған жолақтарды жасау және күтіп-ұстау, халықтың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы, орман қорын тұрақты патрульдеудің болмауы, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылау мұнараларының, аэровизуалды мониторингтің жеткіліксіз болуы 55 орман өртінің орын алуына себеп болды.

Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері: сөндірілмеген темекі, жерошақ, шыны бөтелкелер, көлік құралының сөндіргішінен шыққан ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, жай түсу (найзағай). ТЖМ азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігін ескертеді.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button