БастыМәдениет

Президент Рухия Байдүкенованы «Славянский базар» байқауындағы жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жас әнші Рухия Байдүкенованы «Славянский базар» байқауындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Әлемнің көптеген елінің кіл мықты таланттары қатысқан осынау айтулы байқауда көрсеткен өнеріңіз – Сіздің кәсіби даралығыңыздың, табиғи дарыныңыз бен әртістік шеберлігіңіздің айқын дәлелі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында.
Мемлекет басшысы Рухия Байдүкенованың табысты өнер көрсетуі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында барша қазақстандықтарға жасаған тамаша тарту болды деп санайды», делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button