БастыЭкономика

Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,3 трлн теңгеге дейін өсті

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров тұрғындармен  есептік кездесуінде мәлімдеді. Министрдің айтуынша, несие беру және қосымша субсидиялау арқылы жүзеге асырылған шаралар өз әсерін тигізуде. Мәселен, ауыл шаруашылығы малының қарқынды өсуі байқалады:  мүйізді ірі қара және ұсақ мүйізді қара мал 2,7%, жылқы 11,5%, шошқа 2,5%, құс 1,6%.

Мал шаруашылығын дамытуға 2019 жылы  «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі  156,5 млрд. теңге бағыттады. Құны 53 млрд. теңге болатын 82 мың бас ірі қара мал әкелінді және 12,3 млрд. теңгеге 374 мың ұсақ мал сатып алынды.

Сондай-ақ құны 19,1 млрд.теңге болатын 16 жаңа инвестициялық жоба қаржыландырылды. Осылайша, бұрын қаржыландырылған жобаларды ескере отырып, 2019 жылы жалпы құны 64,3 млрд.теңге болатын мал шаруашылығы саласында 54 инвестициялық жоба қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылы 178 мың ІҚМ (оның ішінде ішкі тұқымсыз) және 250 мың ұсақ мал сатып алуды қаржыландыру жоспарлануда, сондай-ақ импорт алмастыру шеңберінде 46 мың тонна сүт және 30 мың тонна құс етін өндіру бойынша жобаларды іске асыру жоспарланған.

Министрлік елдің эпизоотиялық және фитосанитарлық салауаттылығын қамтамасыз ету және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің экспорттық нарық  ашу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

«Орталық-облыс-аудан» принципі бойынша ветеринарлық бақылаудың вертикалі заңнамалық деңгейде қалпына келтірілді, бұл бақылаудағы өнімнің орнын ауыстыруға бақылауды күшейтуге және «алаңнан үстелге дейін»өнімнің қадағалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, министр Сапархан Омаровтың айтуынша, ағымдағы жылы мал шаруашылығы өнімінің көлемі артады:

– тірі салмақта ет 1,9-дан 2,1 млн. тоннаға дейін (7%);

– сүт 5,8 млн. тоннадан 5,9 млн. тоннаға дейін (2%);

– жұмыртқа 5,5-тен 5,6 млрд. данаға дейін (1,6%);

Бұл мал басының орта есеппен 5% өсуінің арқасында жүзеге асады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, 2019 жылы уақтылы қабылданған шаралар өсу серпініне оң әсер етеді, осылайша өндіріс қуатын енгізу және кеңейту бойынша жақсы іс жасалды.

Ағымдағы жылы мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасау үшін қосымша шаралар қабылданатын болды, 88 мың тонна құс етін өндіретін 8 құс фабрикасы іске қосылады, бұл импорт үлесін 44% – дан 39% дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 114 мың тонна сүт-шикізат өндіретін 25 өнеркәсіптік және 30 отбасылық сүт-тауар фермаларының құрылысын іске асыру жоспарланып отыр.

ІҚМ мен ҰҚМ сатып алуға шағын фермерлік шаруашылықтарды құру мен дамытуға қаржыландыру басталды. Яғни ет кластері үшін шикізат базасын дамытудың іргетасы қаланады.

Ет өңдеу секторында жалпы қуаты 45 мың тонна болатын қазіргі заманғы 3 ет өңдеу комбинаты іске қосылады.

Субсидиялау және несие беру тетіктерін жетілдіру есебінен сүт өңдейтін кәсіпорындар мен ет өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесі ұлғайтылатын болады.

Жоғарыда көрсетілген шаралар есебінен мал шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің 2,6 трлн  теңгеге дейін өсуі қамтамасыз етілетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button