БастыӘлем

Жапония оппозициясының көшбасшысы Токио Олимпиадасын өткізуге қарсы

Жапония оппозициясының көшбасшысы – Жапония Конституциялық-демократиялық партиясының басшысы Юкио Эдано Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетін жазғы Олимпиада ойындарын өткізуден бас тартуға немесе кейінге қалдыруға шақырды, деп жазады Prosports.kz.

Саясаткердің айтуынша, Олимпиаданы коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезде өткізу орынсыз әрекет.

«Олимпиада ойындарын спортшылар үшін өткізгісі келетінін түсінемін. Бірақ оны бір жылға кейінге шегеру керек немесе мүлде бас тарту қажет», – деді Эдано.

Саясаткер Олимпиада өтсе Жапония коронавирус инфекцияның жаңа толқынына тап болатынын айтты.

Айта кетейік, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары бастапқыда 2020 жылдың шілде-тамыз айларында өтеді деп жоспарланған болатын. Бірақ коронавирусқа байланысты бір жылға кейін шегеріліп, биыл өткелі отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button