БастыӘлем

Қожайынымен бірге жедел жәрдемге кіргізілмеген ит ауруханаға дейін көліктің артынан жүгіріп барды

Түркияда қожайынымен бірге жедел жәрдемге кіргізілмеген ит ауруханаға дейін көліктің артынан жүгіріп барды. Бұл жайлы BBC жазды.

Кеше Түркияда алтын түстес ретвитердің (ит породасы) иесі жедел жәрдеммен ауруханаға баруға мәжбүр болды. Бірақ сол жерде тұрғандардың бірі иттің қожайынымен бірге Жедел жәрдем көлігіне кіруіне қарсылық танытты. Үмітін үзбеген ит қожайынын жалғыз қалдырмай, көліктің артынан ауруханаға дейін жүгіріп барды.

Науқасты ауруханаға кіргізгеннен кейін, «қамқор ит» оны күтіп есік алдында қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button