БастыӘлем

Майк Тайсонның шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон шаршы алаңға күзде оралуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды vesti.kz. Бұл туралы боксшының жаттықтырушысы Рафаэль Кордейро мәлім етті.

Соңғы рет ол өткен жылы жекпе-жек өткізді.

«Біз жаттығуды жалғастырып жатырмыз. Жекпе-жек қыркүйек айына жоспарланып жатқан сияқты. Бірақ мен келесі қарсыластың кім болатынын білмеймін», – деді Кордейро.

Еске салайық, Тайсон соңғы кездесуін өткен жылдық қараша айында өткізіп, тағы бір аңыз боксшы Рой Джонспен кездесті. Бұл айқаста жеңімпаз анықталмай, тең нәтиже тіркелген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button