БастыӘлем

Екі пойыз соқтығысып, салдарынан 62 адам қаза тапты

Кеше Пәкістанның оңтүстігінде екі пойыз соқтығысып, салдарынан кем дегенде 62 адам мерт болып, 100-ден аса адам зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат BOL News телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің теміржол көлігі министрлігінің мәліметінше, апат Синд оңтүстік провинциясындағы Готки қаласының аумағында болды. Пойыздардың біреуі рельстен шығып кеткен, артынша оған екінші құрам соғылған.

Қазіргі кезде соқтығысу болған теміржол тармағындағы қозғалыс қайта жанданды. Құтқару операциясы жалғасуда, оған Пәкістан әскері қатысуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button