БастыӘлемСпорт

Канада Финляндияны жеңіп, әлем чемпионы атанды

Канада құрамасының хоккейшілері Ригадағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Канада финалда Финляндия құрамасымен кездескен. Матч овертаймда канадалықтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Негізгі уақытта финндер сапында Микаэль Руохомаа мен Питер Линдбом көзге түсті, ал канадалықтардан Макс Комтуа мен Адам Хенрик шайба салды.

Қосымша уақытта командалар 3×3 форматында ойнады. Бұл тұста Канаданың айы оңынан туды. Шешуші шайбаны Ник Пол соқты. Осылайша Канада құрамасы әлем чемпионатын жеңді.

Канада тарихында 27-рет әлем чемпионатында алтын медаль алып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button