БастыЭкономика

CҚО-дағы сүт зауыты ЕАЭО елдерінің нарығына еркін кіре алатын болады

Жобаны қазақстандық «QR Trace» компаниясы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және «Қазақтелеком» компаниясымен серіктесіп, петропавлдық «МолПродукт» ЖШС базасында іске асырды.

Петропавлда Қазақстанның ірі сүт өңдеу зауыттарының бірінде сүт тауарларын таңбалау және қадағалау жүйесі сынақтан өткізілді.

«МолПродукт» ЖШС-дегі жаңғыртылған өндірістік желінің жұмысын көрсетуге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Қазақтелеком» АҚ-ның және «QR Trace» ЖШС өкілдері және қатысты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстандағы таңбалаудың бірыңғай операторы – «Қазақтелеком» АҚ салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп тауарлардың кейбір топтары бойынша пилоттық жобаларды іске қосты. Агроөнеркәсіп кешені саласындағы пилоттық жоба сүт өнімдерін өндірумен және экспорттаумен айналысатын «МолПродукт» ЖШС базасында іске қосылды. Бұл кәсіпорындағы таңбалау жүйесін «QR Trace» компаниясы техникалық серіктесі «Первый БИТ» ЖШС-мен бірлесіп енгізді.

Күш біріктіргеннің нәтижесінде компаниялар тиімді және қол жетімді шешім тауып, оны қатты қаптамадағы сүтті өндіру желісіне пайдаланды.

«Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу үшін белгілі деңгейде шығындануға тура келеді. Сондықтан бизнес өкілдерінен сұрақтар туындауы мүмкін. Бірақ біз пилоттық жобаны іске асыру барысында үлкен жұмыстар жүргіздік, бір жылға жуық уақыт нарықты зерттедік, түрлі шешімдерді зерттедік және нәтижесінде кәсіпкерлеріміз үшін ең оңтайлы нұсқаны таптық. Біз бұл шешімді «МолПродукт» ЖШС базасында сынап көрдік. Онда заманауи өндірістік желі орнатылған. Біз таңбалау жабдықтарын біріктіруді жүзеге асырдық, сондай-ақ 1С есепке алу жүйесін бейімдеу және жетілдіру жұмыстарын жүйеледік. Нәтижесінде, баға бойынша тиімділікті көтеру шешімін көрсеттік», – деді  «QR Trace» ЖШС директоры Алмаз Маралов.

Петропавл кәсіпорны өз өнімдерінің көп бөлігін Ресей Федерациясына жібереді, сондықтан компания басшылығы экспорттық және ішкі нарықтардағы өз жағдайын сақтауға мүмкіндік беретін жаңа технологияларға қызығушылық танытады.

Жүйе сынақтан сәтті өтті. Нәтижесі талданып, ауыл шаруашылығы саласындағы таңбалау тәжірибесі алдағы уақытта негізге алынатын болады.

АӨК саласындағы таңбалау жүйесін енгізу бойынша алғашқы пилоттық жоба Үкімет басшысының тапсырмаларын және Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың 2020 жылғы 14 шілдедегі «Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалау жобасын іске асыру туралы» кеңес хаттамасын орындау аясында жүзеге асырылды.

Анықтама: ЕАЭО-ның Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы ратификациялған келісімге сәйкес, Қазақстан тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін іске қосты және интеграциялық процестер шеңберінде тері бұйымдары мен темекі өнімдерін міндетті таңбалауды енгізді. Сонымен қатар, биыл республикада дәрі-дәрмектерді, алкогольді, аяқ киім мен сүт өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жобалар іске қосылды.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалану жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі және 2022 жылдан бастап міндетті болады. Яғни, көрсетілген және қолдан жасалатын өнім түрлерінің QR-белгісі болмаса, билдан бастап дайындаушы елден тыс жерлерде сатылмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button