БастыӘлемСаясат

АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар халықаралық күн тәртібі мен екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, оның ішінде кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылады.

Тілеуберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолға қойған Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесін одан әрі демократизациялауға бағытталған реформалар жөнінде хабардар етті. АҚШ мемлекеттік хатшысы, өз тарапынан: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси реформалар жоспарын АҚШ табанды қолдайтынын» мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына арналған іс-шараларға дайындық пен олардың кестесі және С5+1 диалог платформасының жуырда өтетін онлайн отырысы қарастырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button