Daily Star басылымы екі салмақ дәрежесінде UFC бұрынғы чемпионы Конор Макгрегордың байлығын есептеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Басылым есебінше, таяуда «Манчестер Юнайтед» футбол клубын сатып алғысы келетінін айтқан файтердің байлығы – 252 миллион доллар.
МЮ-дің акционерлері америкалық Глейзер отбасылары клубты сату мәселесін қарап жатқанын айтқан еді.
Еске салайық, Макгрегордың бизнес-индустрияда тәжірибесі бар. Бірнеше жыл ішінде виски брендін танымал қылған еді.