БастыӘлем

NASA тікұшағы Марсқа жасаған алғашқы рейсін аяқтады

Ingenuity ұшқышсыз тікұшағы Марсқа алғашқы сапарын сәтті аяқтады. Ол Марс бетінен бірнеше метрге көтеріліп, кейін қайта төмендеді, деп хабарлады NASA.

Салмағы 1,8 кг болатын тікұшақ Қызыл планетаға Perseverance роверімен бірге жеткізілген. Аппарат тартылып қалған өзен арнасына 2021 жылдың ақпан айында қонған болатын.

Бастапқы кезде ұшу 11 сәуірге жоспарланған болатын, бірақ техникалық себептерге байланысты оны кейінге қалдыруға тура келді. Ingenuity-мен жасалған бұл тәжірибе басқа планетадағы алғашқы басқарылатын ұшу болды . Ол ғалымдарға әуе кемелерінің басқа атмосферада және басқа ауырлық күшімен қалай әрекет ететінін білуге мүмкіндік берді.

Ғалымдар ұзақ уақытқа созылатын бірқатар жаңа рейстерді жоспарлап отыр. Жоспарға сәйкес тікұшақ Езеро атты мариан кратерінің үстінен ұшады.

Айта кетейік, зерттеушілердің басты назарындағы мәселелерінің бірі – Марста тіршіліктің болуы немесе болмауы. Зерттеулер көрсеткендей, ертеректе Марстың бетінде сұйық су болған, яғни қарапайым организмдер де пайда болуы мүмкін. Бірақ әзірге бұл теорияны растау да, жоққа шығару да болмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button