БастыӘлем

«Реал Мадрид» жаңа рекорд жасады

Испанияның «Реал Мадрид» клубы футболдан UEFA Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты. Ол өзінің тарихына аталған турнирдің жартылай финалына 14 мәрте шығып отыр.

Испандық клуб 14 сәуірде сырт алаңда Англияның «Ливерпуль» клубымен 0:0 есебімен тең ойнады. Алғашқы кездесуде «Реал Мадрид» 3:1 есебімен тізе бүктірген еді. Екі ойынның нәтижесімен испандық клуб жартылай финалға шықты.

Енді «Челси» (Англия) мен «Реал Мадрид» командалары жартылай финалда өзара бақ сынасады.

Финал 29 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Ататүрік» олимпиадалық стадионында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button