БастыӘлем

«Манчестер Сити» мен «Реал» Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта матчында дортмундтық «Боруссияны» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу ағылшын командасының пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Рияд Марез бен Фил Фоден көзге түсті.

Еске салайық, бірінші ойында да Хосеп Гвардиола шәкірттері 2:1 есебімен жеңген еді. Екі ойын қорытындысы бойынша «Манчестер Сити» 4:2 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты.

Сонымен қатар, Мадридтік «Реал» УЕФА Чемпиондар лигасы 1/4 финалының қарымта матчында англиялық «Ливерпульмен» тең түсті.

«Эндфилдте» өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңген «Реал» Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты, команда енді лондондық «Челсимен» кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button