БастыӘлем

Тайвандағы пойыз апаты: қаза тапқандар саны 48 адамға жетті

Хуалянь уезіндегі туннель маңында болған пойыз апатынан қаза тапқандар саны 48-ге жетті, 118 жолаушы ауруханаға жатқызылды. Құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы TaiwanNews хабарлады.

Теміржол апаты Хуалянь уезінің аумағында тау туннеліне кіре берісте орын алған. Taroko Express пойызының 8 вагонында 350 жолаушы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, пойыз еңістен төмен қарай келе жатқан құрылыс машинасымен соқтығысқан. Салдарынан екінші және үшінші вагон рельстен шығып кеткен, туннель қабырғасына соғылып деформацияланған.

Қаза тапқандардың көпшілігі соңғы екі вагоннан табылды, деп хабарлады Тайвань теміржол әкімшілігі. Ел үкіметі шұғыл көмек орталығын құрды.

Бұған дейін Тайвандағы пойыз апатынан 40 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button